Баланы ауыстыру үшін мектепке белгіленген құжаттармен бірге электрондық немесе қағаз түрінде өтініш беру керек
Өтінішті баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері ғана бере алады
Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жеке жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей
Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)
Баланың азаматтығы және оның туған жері маңызды емес. Кез келген бала білім беру ұйымына ауыстырылуы мүмкін. Заңды өкілінің ЖСН болған жағдайда, барлық балалар үшін рәсімдер бірдей
Жалпы білім беретін оқу мекемелері арасында жыл бойы ауысуға болады
Бастауыш, негізгі орта, орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі. Білім беру ұйымынан шыққан адам басқа білім беру ұйымына келуі туралы талон ұсынады, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетіледі, содан кейін оған тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқыған сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектебі көрсетілген кету туралы есептен шығару талоны және оның жеке ісі беріледі. Кету туралы есептен шығару талоны білім алушының келуі және жеке ісін тапсыруы үшін білім беру ұйымына ұсыну үшін беріледі.
Қаланың білім бөліміне не поштаға хат жазу, не телефонмен қоңырау соғу, не бөлім басшысының орынбасарына қабылдауға жазылу
Қаланың/ауданның білім бөліміне
Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз
Бос орындар болған жағдайда, бала кез келген мектепке ауыса алады
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау
Мемлекеттік қызмет бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі
Жеке тұлғалар (баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері)
Көрсетілетін қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей
Білім беру ұйымдары бұйрықтар шығарады және білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/шығару туралы, Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы салыстырып тексеру жүргізеді
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - 30 минут.
Тегін
Көрсетілетін қызмет көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, олар https://adilet.zan.kz сайтында қолжетімді
Осы интернет-портал арқылы электрондық өтініш беру үшін:
Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс: