Құрметті ата-аналар! Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданындағы «№53 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2006 жылы 1 қыркүйек айында ашылды. Біздің мектеп-лицей жай ғана ұжым емес, педагогтар, оқушылар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығынан құрылған ұжым. Осы өзара жағымды, ынтымақтастық қарым-қатынас біздерді үнемі дамытып отырумен қатар, оқушылардың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, құқықтық қасиеттерді тәрбиелеуге де мүмкіндік береді. Басты назарды бала бойында толеранттылық қалыптасуына аударамыз. Сондай-ақ оқушы дағдысын қалыптастыруға, функционалды сауатты болуға тәрбиелейміз. Мұғалімдеріміз заманауи оқу базасы мен жаңашыл технологияларды қолданып, сабақ жүргізеді. 2019-2020 оқу жылынан бастап 1-ші және 5-ші сыныптардан дарынды балаларға арналған «Зерек» сыныбы ашылады. Информатика және технология кабинеттері, «Stem» лабораториясы, робототехника кабинеттері, спорт зал, кіші спорт зал, асхана, музей т.б. бар, мектеп-лицей заманауи талапқа сай жабдықталған. «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол», «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Интеллектум», «Мен – зерттеушімін», «Ұлттық тағылым», «Логикалық математика», «Латын әліпбиі» тағы басқа спорттық және би, домбыра, театр үйірмелері, факультативтер, элективті курстар жұмыс жасайды. Құрметті ата-аналар! Сіздерге және сіздердің балаларыңызға оқу жылының табысты өтуіне, сонымен бірге бітіруші сыныптардың қорытынды аттестаттауы және Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде тек қана үздік нәтижелерге жетулеріңізге тілектестік білдіремін.