Нұр-Сұлтан қ. «№41 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі 1970 жылы ашылды. Мектеп 460 оқушы орнына салынған. Оқу кабинеттерінің саны – 25. Оқыту тілі – орыс. Мектепте спорт залы – 159 ш.м., футбол алаңы – 2448 ш.м., кітапхана – 19 ш.м. Ұстаздардың жалпы саны – 57, оның ішінде жоғары санатты – 14, бірінші санатты – 13, екінші санатты – 16 мұғалім. Мектепте 2 психолог, 1 логопед қызмет атқарады. Мектеп 2 ауысымда жұмыс жасайды. Оқу жоспары Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сай құрастырылған. Мектеп информатика кабинетімен, STEM-зертханамен және робототехникамен жабдықталған. Мектепте «Волейбол», «Баскетбол», «Футбол» и әскери-патриоттық үйірмелер жұмыс жасайды. Мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжым оқыту мен тәрбиелеудің нәтиже сапасын көтеру, жаңа оқу технологияларын ендіру, сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сабақтан тыс қызмет үшін жағдай жасау бойынша жұмыс істейді. Бұл жетістіктерге жету үшін мектепте оқушының тұлғасын қалыптастыруға бағытталған жағдайлар жасалады. Мектепте адамгершілік сана-сезімнің дамуына бағытталған нәтижелі бірлескен шығармашылық тәрбиелеу концепциясы жүзеге асырылады. Біздің жетістіктеріміз, кейде сәтсіздіктеріміз мектептің рухымен, оның жанымен және микроклиматымен анықталады. Әкімшілік пен кәсіподақ ұйымның өзара көмектесуі, сыйластығы, бірлесіп қызметтесуі ұжымда іскерлі, жұмыс жағдайын туғызады.