Құрметті ата-аналар! Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№64 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2010 жылы қолданысқа берілді. Мектеп Ғабит Мүсірепов көшесі 15-үйде орналасқан. Мектеп жерінің ауданы 0,1 га. Жалпы ауданы 17998,5 м2. Жобалық қуаты – 1200 орындық. Асханадағы орын саны - 324 балаға негізделген. 60 оқу кабинеті, дәрігерлік көмек көрсету бөлмесі бар.Оқыту тілі – қазақ тілі. Бағыты – жаратылыстану-математикалық. Қазіргі таңда 2898 оқушы оқиды және мектепалды дайындық сыныбында 23 оқушы бар. Мектептегі сынып саны: 107. Мектептің орташа толымдылығы: 27,5 оқушы. Оқу екі аусымда жүргізіледі. Мектепте спорт залы – үлкен зал S = 546м2 , кіші зал S= 63,5 м2 , футбол алаңы 3750 м2, баскетбол алаңы- 420 м2, волейбол алаңы -360 м2, кітапхана бар. Мектеп қалалық жылыту жүйесіне қосылған. Мұғалімдердің жалпы саны – 173, олардың жоғарғы санаттысы – 35, бірінші санаттысы – 40, екінші санаттысы – 35. Мектепте екі психологі бар. Көпбалалы, аз қамтылған отбасынан оқитын балалар саны – 42. Олар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Тегін мектеп формасы және тегін жолақы билеті беріледі. Қамқоршылық кеңесі арқылы азық-түлік, киім-кешек және мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отырады. Мектеп арнайы бейнекамералармен (48 камерамен) жабдықталған. Мұғалімдеріміз заманауи оқу базасы мен жаңашыл технологияларды қолданып, сабақ жүргізеді. Робот техникасы, STEM лабораториялық кабинеттер және технология кабинеттері, спорт зал, асхана т.б. заманауи талапқа сай жабдықталған. Мектепте «Болашақтың мектебі -бүгін» жобасы іске асырылған. Оқушылар туринкет арқылы кіріп, оқушы куәлігімен өтеді. Ата-анасына кірді, шықты деген СМС хабарлама барады. Кітапхана, асхана жұмыстары электронды түрде жұмыс істейді. Құрметті ата-аналар! Сіздерге және сіздердің балаларыңызға оқу жылының табысты өтуіне, сонымен бірге бітіруші сыныптардың қорытынды аттестаттауы және ҰБТ-да тек қана үздік нәтижелерге жетулеріңізге тілектестік білдіремін.