Құрметті ата-аналар! Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданында «23 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1966 жылғы 31 тамызда құрылған. Мектеп өзгермелі әлеуметтік қоғам жағдайына бейімделе алатын, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасайды. Мекемедегі тәртіп оқушылар мен педагогтардың адамгершілік қасиеттерін сыйлау негізінде сақталады. Мектепте оқыту мен тәрбие беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мекемедегі білім беру үдерісі Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес, дербес әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Психикалық дамуы баяу (бұдан әрі - ПДБ) балалар оқитын сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ПДБ сыныптарына арналған үлгілік оқу жоспары негізінде дайындалған бөлек оқу жоспары бойынша оқытылады. Эмоционалдық ерік-жігер аясында ауытқушылығы бар (аутизм) оқушылар мүмкіндіктері шектеулі әр бала үшін жеке әзірленген оқу жоспары бойынша оқиды. Информатика, химия, физика кабинеттері, спорт зал, асхана т.б.заманауи талапқа сай жабдықталған. Мектебімізде «баскетбол», «волейбол», «футбол», «шахмат», «дойбы», «тоғызқұмалақ», «бестас» т.б. спорттық «вокал» және «домбыра» үйірмелері жұмыс жасайды. Құрметті, ата-аналар! Сіздерге және сіздердің балаларыңызға оқу жылының табысты өтуіне, сонымен қатар бітіруші сыныптардың қорытынды аттестаттауды жақсы атапсырып, ҰБТ – да үзік нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдіремін.