Астана қаласы әкімдігінің «Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК

Мектептің сипаттамасын, оқу сапасы, рейтингі және педагогикалық құрамы туралы ақпаратты оқыңыз

Мектеп туралы ақпарат

Атауы:
Астана қаласы әкімдігінің «Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК
Оқу тілдері:
Қазақ тілі
Меншік нысаны:
Мемлекеттік
Түрі:
Мектеп-гимназия
Бейіні:
Гуманитарлық
Бір айлық базалық құны:
Тегін
Құрылған жылы:
01.01.2006
Лицензияның нөмірі:
Қосымша жабдықталуы:
STEAM лаборатория және робототехниканың Lego EV3, ARDUINO роботтары, 3D форматтағы принтерлер, қосымша 4 интербелсенді тақта комплектілері, субұрқақтары, асхана, гардеробқа, бейнебақылау
Телефоны:
+7 (717) 257-46-57
email:
b.mailin@52mektep.edu.kz
Web-сайт:
52mektep.edu.kz
Мекенжайы:
Астана қаласы, Бурабай көшесі, үй 38

Мектеп туралы қосымша ақпарат

БАЙТАСОВА УЛБОСЫН БЕКМУРЗАЕВНА
БАЙТАСОВА УЛБОСЫН БЕКМУРЗАЕВНА
  • Лауазымы: Директор
  • Жасы: 63
  • Негізгі білімі: Жоғары
  • Санаты: Жоғары
  • Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі: 37
  • Басшының жалпы жұмыс өтілі: 9
  • Наградалары және белгілері: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Шаттық байқауына 10 жыл» медалі, Алматы ауданы әкімінің алғыс хаты, Астана қаласының Білім басқармасының алғыс хаты, «НұрОтан» партиясының алғыс хаты, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын белсенді дамытуда үлес қосқаны үшін ҚР Кіші ғылым академиясының мақтау қағазы.
Басшының үндеуі

Құрметті ата-аналар! Нұр-Сұлтан қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы, Бурабай көшесі 38 де орналасқан « №52 мектеп-гимназия мемлекеттік мекемесі 2006 жылы 1 қыркүйек айында ашылды. Мектеп-гимназиямызда 126 ұстаз қызмет атқарады. "Қазақстан республикасының еңбек сіңірген педагогы" –2 мұғалім, «Білім беру үздігі» – 4 мұғалім, «Ы.Алтынсарин төсбелгісі»-3 мұғалім, «Қазақ ұстазы»-2 мұғалім, «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі-1 мұғалім, «ҚР Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасы» –4 мұғалім, «ҚР Білім және ғылым Министрлігінің алғыс хаты»-8 мұғалім,«Нұр Отан» партиясының алғыс хаты- 7 мұғалім, «ҚР кіші ғылым академиясының мақтау қағазы»- 28 мұғалім, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ бағдарламасы бойынша сертификаттар: Көшбасшы- 1 мұғалім, Бірінші (ілгері) деңгей- 3 мұғалім , Екінші (негізгі) деңгей- 8 мұғалім,Үшінші (базалық) деңгей- 18 мұғалім. Мектеп-гимназия мұғалімдері соңғы 3 жылда білімін арттыру курстарымен толық қамтылып, инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде қолдана отырып, қалалық, респубикалық деңгейлерде ашық сабақтар, шебер-сыныптар, семинарлар өткізе отырып тәжірибе алмасуда. Біздің педагогтар, оқушылар мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығынан құрылған ұжым. Осы өзара жағымды, ынтымақтастық қарым-қатынас біздерді үнемі дамытып отырумен қатар, оқушылардың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, құқықтық қасиеттерді тәрбиелеуге де мүмкіндік береді. Басты назарды бала бойында толеранттылық қалыптасуына аударамыз. Сараланған оқыту мен даралап оқыту негізгі қағидатымыз. Сондай-ақ оқушы дағдысын қалыптастыру, функционалды сауатты болуға тәрбиелеу. Мұғалімдеріміз заманауи оқу базасы мен жаңашыл технологияларды қолданып, сабақ жүргізеді. Нұр-Сұлтан қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада ғылыми жоба сайыстары, ақын жазушылардың қалалық,республикалық сайыстары, интелектуалды конкурстар өткізіледі. Биылғы оқу жылы жалпы қалалық ғылыми жоба конкурсына 11 оқушы қатысып І дәрежелі дипломмен 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 8 оқушы марапатталды. 1-7 сынып оқушылары арасынан 3 оқушы республикалық кезеңінде І, ІІ дәрежелі дипломмен , 2 оқушы халықаралық ғылыми жобада қола медалін иеленді. Информатика, STEM лаборотория мен робототехника және технология кабинеттері, зертханалық кабинеттер, спорт зал, асхана т.б. заманауи талапқа сай жабдықталған. Бастауыш сыныптар бойынша «Шама тілі», «Мен зерттеушімін», «Фонетикалық бірліктер», «Шешендік өнер әліппесі», «Мұқағали поэзиясын сатылай кешенді талдау», «Халық ауыз әдебиеті», «Логикалық тапсырмалар», «Қолданбалы экономика», «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы», «Бағдарламалау негіздері», «Тілдік бірліктер», «Ағылшын тілінен» т.б элективті курстар, «Қазақ хандығы», «Шебер қолдар», «Ұлттық қолөнер», «Зерделілер мектебі», «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол», «Үстел теннисі», «Шахмат», «Тоғызқұмалақ» «Домбыра», «Би» т.б үйірмелері жұмыс жасайды. Құрметті ата-аналар! Мектебімізде бұл ғана жетістік емес, түрлі сайыстарда бастауыш, орта, жоғары буын бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарды иеленуде. Мұғалімдеріміздің аянбай еңбек етуінің нәтижесінде дарынды, талантты шәкірттеріміз саны күннен-күнге артуда. Мектеп өміріне етене араласып, мұғалімдермен тығыз байланыста болған ата-аналарға алғысымыз шексіз. Еліміздің жалынды ұрпағын тәрбиелеуде Үштік одақ бірлесе отырып жұмыс жасауда. Сіздерге және сіздердің балаларыңызға оқу жылының табысты өтуіне, сонымен бірге бітіруші сыныптардың қорытынды аттестаттауы және ҰБТ-да тек қана үздік нәтижелерге жетулеріңізге тілектестік білдіремін.