Астана қаласы əкімдігінің "Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК

Мектептің сипаттамасын, оқу сапасы, рейтингі және педагогикалық құрамы туралы ақпаратты оқыңыз

Мектеп туралы ақпарат

Атауы:
Астана қаласы əкімдігінің "Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК
Оқу тілдері:
Қазақ тілі, Орыс тілі
Меншік нысаны:
Мемлекеттік
Түрі:
Мектеп-гимназия
Бейіні:
Бір айлық базалық құны:
Тегін
Құрылған жылы:
01.01.1966
Лицензияның нөмірі:
Қосымша жабдықталуы:
2 компьютер кабинеті, физика, химия кабинеттері және stem лаборатория
Телефоны:
+7 (717) 250-16-31
email:
astana_sh2@mail.ru
Web-сайт:
https://2schoolastana.edu.kz/kz/
Мекенжайы:
Астана қаласы, С. Сейфуллин көшесі, үй 19

Мектеп туралы қосымша ақпарат

НУГУМАНОВ СЫРЫМ БОТАХАНОВИЧ
НУГУМАНОВ СЫРЫМ БОТАХАНОВИЧ
  • Лауазымы: Директор
  • Жасы: 32
  • Негізгі білімі: Жоғары
  • Санаты:
  • Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі: 8
  • Басшының жалпы жұмыс өтілі: 8
  • Наградалары және белгілері:
Басшының үндеуі

Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы 1966 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Мектептің миссиясы: «Қамқорлық, шабыт, шығармашылық және оқыту арқылы оқушыларды табысқа жеткізу». Алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін мектепте кәсіби деңгейі жоғары, жұмысқа қабілетті педагогикалық ұжым құрылды: мұғалімдердің 67% - ның жоғары және бірінші біліктілік санаты бар, 25 мұғалім деңгейлік Кембридж курсынан өтті, 4 мұғалім тренер мәртебесіне ие, оның ішінде 2-еуі республикалық деңгейдегі тренерлер. Жаңа форматты аттестаттау қорытындысы бойынша 3 мұғалім "Педагог-шебер", 25 мұғалім "Педагог-зерттеуші" деңгейіне көтерілді (60% -дан астам). Оқу-тәрбие жұмысында: оқушылардың жан-жақты дамуына; функциональды сауатты, толерантты, өз Отанын сүйетін және ұлттық құндылықтарын бағалай білетін, егеменді Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбилеуге; ата-аналар қауымдастығымен ынтымақатсықты нығайтуға басты назар аударылады. Мектеп оқушылары зияткерлік байқауларда жақсы нәтижелер көрсетті. 2019-2020 оқу жылында 4 оқушы халықаралық, 2 оқушы республикалық ғылыми жобалар байқауларының жүлдегерлері атанды. Бастауыш сыныбының 6 оқушысы қалалық пәндік олимпиадаға қатысып, барлығы да жүлделі орындарға ие болды (2-бірінші, 3-екінші орын және бір грамота). Жыл сайын балалардың қызығушылықтары бойынша үйірмелер желісі кеңейіп келеді. Қалалық "Шаттық" байқауында оқушыларымыз 10 номинация бойынша 7 медальге ие болды. (1-алтын, 3-күміс, 3-қола) Мектеп оқушылары волейбол, футбол, тоғызқұмалақ бойынша жарыстардың жүлдегерлері атанды. Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар! Оқу жылының табысты аяқталуын, қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-да жақсы нәтижелерге жетулеріңізді және жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізулеріңізді тілеймін.