Астана қаласы әкімдігінің "№38 мектеп-лицей" ШЖҚ МКК

Мектептің сипаттамасын, оқу сапасы, рейтингі және педагогикалық құрамы туралы ақпаратты оқыңыз

Мектеп туралы ақпарат

Атауы:
Астана қаласы әкімдігінің "№38 мектеп-лицей" ШЖҚ МКК
Оқу тілдері:
Қазақ тілі
Меншік нысаны:
Мемлекеттік
Түрі:
Мектеп-лицей
Бейіні:
Бір айлық базалық құны:
Тегін
Құрылған жылы:
01.01.1999
Лицензияның нөмірі:
Қосымша жабдықталуы:
Робототехника , Wi-Fi желісі
Телефоны:
+7 (717) 250-17-12
email:
astana_shl38@inbox.ru
Web-сайт:
https://38mektep-astana.edu.kz/
Мекенжайы:
Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі, үй 8/2

Мектеп туралы қосымша ақпарат

ӘЗИМБАЙ КӘМИЛА КӘРІМБЕРДІҚЫЗЫ
ӘЗИМБАЙ КӘМИЛА КӘРІМБЕРДІҚЫЗЫ
  • Лауазымы: Директор
  • Жасы: 63
  • Негізгі білімі: Жоғары
  • Санаты: Бірінші
  • Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі: 27
  • Басшының жалпы жұмыс өтілі: 3
  • Наградалары және белгілері: 2014 ж. –ҚР БҒМ Құрмет грамотасы; 2015ж. – ҚР БҒМ Алғыс хат; 2015ж. –Астана ББ Алғыс хат; 2017 ж. – Астана ББ Алғыс хат; 2016ж. – Алматы ауданы әкімі Алғыс хат; 2017 ж. – «НЗМ» ДББҰ ПШО Алғыс хат; Астана ББ Алғыс хат 2018 ж. – «Астана дарыны» Алғыс хат; Анталия X халықаралық олимпиада, Алғыс хат 2018ж. – «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісі
Басшының үндеуі

Құрметті ата-аналар! Нұр-Сұлтан қаласы «№38 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 1999 жылдың 1 қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған. Мектеп-лицей ашылған жылдан бастап қала бойынша таңдаулы мектептердің алдыңғы қатарынан орын алып, республикаға, тіпті халықаралық дәрежеде жоғары көрсеткіш көрсетті. Біздің мектеп-лицей педагогтар, ата-аналар, оқушылар үштік одағы өзара ынтымақтастығында жұмыс жасап отырған ұжым. Біздің басты мақсатымыз жеке тұлғаға бағытталған потенциалы жоғары өз ұлтының шынайы патриоттарын тәрбиелеу. Мұғалімдеріміз заманауи оқу базасы мен жаңа технологияларды қолданып, сабақ жүргізеді. Мектеп-лицейде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын, салауатты өмір салтын қалыптастыратын, қол өнерге баулитын «Шабыт» балалар театры, «Кәусар» хореография тобы, «Вокал», «Волейбол», «Баскетбол», «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Асыл оймақ» қол өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Сондай - ақ, ақпараттық сауаттылықты арттыруда «Робототехника» үйірмесі, жұмыс жасауда және STEM лабораториясы ашылады. Құрметті ата-аналар! Мектеп-лицейдің 1-сыныбына қабылдаған әрбір оқушы ертеңгі күні біздің мектебіміздің, одан әрі еліміздің ұлтын сүйер азаматы, білімді ұрпағы, дені сау, салауатты өмір салтын ұстанған мықты тұлға, адамгершілігі жоғары әдепті, тәрбиелі ел ертеңі болып өсуі үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырамын!